Суға кеткен зейнеткерді іздеу жұмыстары жалғасуда – ШҚО

Бұқтырма су қоймасында суға батып кеткен зейнеткерді іздеу жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсан күні Бұқтырма су қоймасында ішінде 5 жолаушысы бар жеңіл көлік суға кетіп қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
4 адам көлікте шығып үлгерген, ал 72 жастағы әйел суға кетіп қалды. Денесі әлі табылған жоқ.
Қазір ол жерде ШҚО ТЖД бірнеше сүңгуірлері жұмыс істеп жатыр.