ШҚО-да бір күнде екі адам суға кетті
ШҚО-да бір күнде екі адам суға ағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 15 маусым күні болған. 1984 жылғы ер адам Бұқтырма су қоймасында суға шомыламын деп батып кеткен. Тағы бір қайғылы оқиға Глубокое ауданының Степное ауылында тіркелді. 30 жасар ер адам жасанды қазаншұңқырда мерт болған, - дейді ШҚО, Төтенше жағдай басқармасы.
Алдын ала тергеу жұмыстары кезінде, екеуінің де мас күйінде суға түскендері белгілі болды.
Оқи отырыңыз