Өскеменде жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды
25 желтоқсан күні 22:05-те "102" жедел арнасына 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, жоғалып кеткен екі баласын табуға көмек сұраған.
Ер адамның айтуынша, 15 жасар ұлы мен 13 жасар қызы 25 желтоқсан күні кешке үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Ұялы телефондары да үйде қалып қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Хабар ала салысымен жедел-іздестіру тобы дереу жиналып, таныстары мен куәгерлерден сұхбат алып, іргелес аумақтарды, аулаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін, гүлзарларды, саябақтар мен жастар жиналатын орындарды тексерген.
Табылған жасөспірімдердің әкесі құқық қорғау органдарына және оның кәмелетке толмаған балаларын іздеуге көрсеткен көмегі үшін барлық азаматтарға үлкен алғысын білдірді.