Өскеменде жоғалып кеткен бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі табылды
7 қазан күні сағат 13:30-да "102" арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы хабарласқан. Оның айтуынша, орталықтың кәмілетке толмаған тәрбиеленушілерінің бірі мектептен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған көрінеді.
- - Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, бүкіл іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Нәтижесінде уақытылы қабылданған шешімдердің арқасында кәмелетке толмаған бала бау-бақша қоғамдастықтары бірінің саяжайында анасының танысынан табылды. Жоғалған баланың орналасқан жері туралы анасы хабарлаған.
- 07.10.2022 жылы сағат 14:00-де оның үйіне ұлы келіп, қалуды өтінген, бірақ бұл туралы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметкерлеріне ескертпеді. Ұлының өтініші бойынша әйел оны танысына апарған, содан кейін полиция қызметкерлеріне орналасқан жері туралы хабарлаған, - дейді баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз