Қолайсыз ауа райында жолға шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды – ШҚО
Жыл басында өңірдің бірқатар аудандарында қалың қар жауып, жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын. Жергілікті полиция қызметкерлері де күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райында жолға шықпау керектігін ескертіп отырды.
Десе де, құқық қорғау органдарының ескертуін елемей, өз бетінше жолға шы,ып кеткен жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Зайсан ауданының 39 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай «Toyota Avalon» маркалы автокөлігімен қолайсыз ауа райына байланысты жабылған «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тасжолына шығып кеткен.
ШҚО ПД қызметкерлері тұрғындарға дауыл туралы ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.