ШҚО-да бір ауылды су басқаны туралы видео тарады
Шартты сурет
Әлеуметтік желіде ШҚО-дағы аудандардың бірін су басып жатқан видео пайда болды.
Видеодан бала арқалап, тізесінен келетін суды кешіп жүрген адамды көруге болады. Сондай-ақ онда Ұлан ауданының Горняк ауылы екені де айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Су тасқыны фактілері бойынша осы ауыл тұрғындарынан ешқандай өтініш түскен жоқ. Тұрғын үйлерді су басу туралы шағымдар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта облыстағы жағдай тұрақты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізгі сала кетейік, еліміздегі 10 облыста су тасқыны қаупі жоғары екені белгілі болды. Ал, облыс бойынша Глубокое және Алта ауданында қауіп бар.
ШҚО ТЖД мамандары облыс тұрғындарына тұрғын үйлерді су басу фактілері болған жағдайда 112 телефоны бойынша хабарласу керектігін ескертеді.
Оқи отырыңыз