KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 0,7 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Ауылды су басып жатыр. ШҚО, Ұлан ауданы (ВИДЕО)

6.06.2019, 09:44 188

Ұлан ауданының Пролетарка ауылындағы көшелерге су жайылып, бірнеше үй мен аула аумақтарын алып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

5 маусым күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан 4 аула аумағы мен 3 тұрғын үйге су жайылған екен.

Қазір әлеуметтік желіде Пролетарка ауылында түсірілген бейнежазба таралып жатыр.

- 5 маусым. Ұлан ауданы, Пролетарка ауылы. Жарық жоқ, үйлерді су басып жатыр. Адамдардың барлығы көшеде жүр, - дейді бейнежазба авторы.

Анықталғандай, ТЖ қызметкерлері суды толығымен кетіріп, үйлерін су басқан отбасыларды қауіпсіз жерге көшірді. Барлығы 7 адам, оның ішінде 3 бала қазіргі уақытта туыстарының үйіне орналастырылыпты. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Айта кетсек, бұдан бөлек, Глубокое ауданының Белоусовка ауылында да екі аула мен бір тұрғын үйге су жайылғаны белгілі болып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив