KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1,6 м/с, В
497.26 525.21 4.97

Өскемен: Сыныпты жөндеуге оқушылардан ақша жинағандар жазаланды

26.04.2023, 09:38 488 Ләззат Қанатқызы

24 сәуір күні ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Өскемен қаласының №15 орта мектебінде оқитын баланың ата-анасы 1424 Колл-орталығы арқылы анонимді шағым түсірген.

Оның айтуынша, аталған мектепте оқушылардан сыныпты жөндеу үшін ақша жинаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бұл факті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63-бабына қайшы болып табылады.

 Антикор қызметкерлері мектеп басшылығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оның барысында ақша сыныптағы ата-аналардың бірінің бастамасы бойынша жиналғандығы анықталды. Нәтижесінде жиналған қаражат ата-аналарға толығымен қайтарылды, дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сондай-ақ кінәлі тұлғалар сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу