KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

17.05.2019, 04:55 148

Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің ата-аналардан бір де бір тиын талап етуге құқығы жоқ. Осылай деп Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айтып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Соңғы уақытта мектептің жөндеу жұмысына, мұғалімдерге сыйлық алуға, қандай да бір мерекелік шараларды жасауға ата-аналардан ақша жинау әдетке айнала бастағаны белгілі. Агенттік мамандары айтқандай, енді мектеп тарапынан ақша жинауға қатысты әлдебір құқық бұзушылықты байқасаңыз, 241-199 номеріне хабар беріңіз.

 

Сондай-ақ  8 (777) 907 2093 номеріне WhatsApp арқылы хабарлама жазуға болады.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу