KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Өскемен: Автобус дөңгелегі кәріз құдығына түсіп кеткен

Фото: osa_uka_vko

16.06.2023, 12:04 166 Ләззат Қанатқызы

Кеше кешке Ушанов алаңында №38 автобус дөңгелегі кәріз құдығына түсіп кеткен.

Абырой болғанда, оқиға орнында зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Оқиға болған жерге дереу арада авариялық қызмет мамандары жіберілді. Сағат 22.00-ге дейін асфальт жабыны мен қираған жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деді «Өскемен Водоканал» баспасөз қызметі.

Десе де қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қала көшелеріндегі кәріз құдықтарының жағдайы мәз емес екенін, тағы да осындай оқиғалар қайталануы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив