Кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушілері ұсталды – ШҚО
Фото: Самар аудандық полиция бөлімі
Самар ауданында кәмелет жасына толмай мотоцикл тізгіндеген жасөспірімдер ұсталды.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд жүргізу барысында үш мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Белгілі болғандай, олардың үшеуі де кәмелетке толмағаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жасөспірімдердің жүргізуші куәлігі де жоқ, көлік құралдары да тіркелмеген көрінеді.
Мотоциклдер арнайы тұраққа жіберілді, ал жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды, дейді Самар аудандық полиция бөлімі.
Оқи отырыңыз