KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, З
481.63 534.46 5.28

Аңшылық қарудан оқ жаудырған тұрғын ұсталды – ШҚО

Фото: baigenews.kz

29.08.2023, 10:03 6 590 Ләззат Қанатқызы

28 тамыз күні сағат 20:45 шамасында ішімдікке сылқия тойып алған ер адам аңшылық қарудан бірнеше рет оқ жаудырған.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 47 жастағы ер адам қолға түскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (атыс қаруын, газ қаруын, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолдану немесе қолдануға әрекет жасау арқылы жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив