ШҚО: Сотталушылар жаппай тамырларын кескені рас па?
WhatsApp желісінде ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің № 18 мекемесінде қамаудағылар жаппай өз өздеріне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.
Аталған ақпаратқа қатысты ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда, 14 қыркүйек күні ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің № 18 мекемесінде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салған, - делінген ресми мәлімдемеде.
Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеменің ұстау тәртібімен келіспеуіне байланысты жасаған. Яғни ұстау тәртібі мен шарттарын әлсіретуді, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап еткен көрінеді.
- Сотталғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелген. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментімен қызметтік тергеу тағайындалды, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Оқи отырыңыз