Өскемен қаласының тұрғынынан тыңдау құрылғысы тәркіленді
Ақпан айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ-ге «Anti-Fraund» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы техникалық құралдарды заңсыз сақтап, таратумен айналысатын 22 жастағы жігіттің ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл қашықтан тыңдау құрылғысы екені анықталды. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 399-бабы 1- бөлігі (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз