KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да құрамында алтыны бар 20 кг-нан астам кенді ұрламақ болған

24.02.2022, 15:20 104

Ақпан айының басында Риддер қаласы ПБ-ға 2022 жылғы қаңтар айының соңында Риддер кенішінің аумағында қаланың 36 және 31 жастағы тұрғындарынан салмағы 21 кг 525 грамм құрамында алтын рудасы бар қаппен ұсталғаны туралы хабарламасы келіп түсті. Кәсіпорынға келтірілген шығын 435 000 теңгені құрайды.

Күдікті қос азаматты тергеу барысында, күдіктілер кінәларын мойындған. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ер адамдар арқанның көмегімен ашық өткел арқылы кеніштің шахтасына түскені анықталды. Кейін қаптарды кенмен толтырып, сыртқа шықпақ болған кезде, кәсіпорын күзетшілерінің қолына түскен.

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив