Күртесінің жеңінен атыс қаруын тапты - Семей
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жүргізу барысында полиция қызметкерлері 35-40 жас шамасындағы мас күйдегі ер адамды байқаған.
Тексеру барысында оның күртесінің жеңінен 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылған.
- Істің мән-жайын тексеру барысында 39 жастағы Семей қаласының тұрғынының атына аталған қару түрі тіркелмегені анықталды. Криминалистикалық зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат атыс қаруы болып табылады. Аталған қару зауаттық тәсілмен әзірленген 12-ші калибрлі көлденең орналастырылған ұңғылары бар тегіс ұңғылы, қос ұңғылы аңшы қаруының ұңғысын және дүмбісін қолдан қысқарту арқылы жасалған деді, - ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Аталған шолақ мылтық тек сол жақ ұғысынан атуға ғана жарамды.
Факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.