KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

"Дачадағы" үйдің шатырына шолақ мылтық жасырған - Өскемен

31.03.2021, 10:30 1 178

Наурыз айының ортасында «Құқықтық тәртіп» жоспарлы алдын алу шарасын өткізу барысында Өскемен қаласы ПБ қызметкерлері қала тұрғынынан шолақ мылтық тәркіледі. 51 жастағы азамат қаруды үйінің шатырында жасырған.

- Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат - атыс қаруы, атап айтқанда тегіс екі ұңғылы, шүріппелі, 16 мм аң аулау мылтығы. Мылтықтың зауыттық нөмірлерін механикалық зақымдау арқылы алынып тасталған. Мылтықтың екі ұңғысы да атуға жарамды. Бұл қару саяжай иесіне тиесілі еместігі анықталды. Сонымен қатар, қарудың иесі ретінде есепте тұрмайтыны анықталды,- деді Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу