KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

ШҚО-да жол апатынан 4 адам зардап шекті

27.01.2023, 14:36 1 010 Ләззат Қанатқызы

“Шемонаиха — Усть-Таловка” тасжолында жол апаты болып, 4 адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы 17 қаңтар күні болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— 50 жастағы LADA жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, көлік рөліне ие бола алмай, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде 57 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Niva мен Lada көліктері соқтығысқан,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы жарақат алып, бірден Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу