Қарақат Әбден Қызылорда облысына барды
ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына ат басын бұрды.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта жүзден астам адам жұмылдырылғаны белгілі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- «Бүгін Қызылордадағы штабтың жұмысымен таныстым. Қызылорада облысы - еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі. Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда», – деді Қарақат Әбден.
Штаб өкілдерінің мәлімдеуінше, сайлаушылар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстарға баса мән беріледі.
- «Жергілікті тұрғындар көбінесе әлеуметтік тақырыптарға қатысты сауал жолдайды, олармен кері байланыс жақсы дамыған», - деп жеткізді өңірлік штаб жетекшісі Маржан Бисенова.
Штабтың үгіт-насихат жұмысы түрлі санаттағы азаматтарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтиды.