KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

"Мақсаты қандай болғаны белгісіз" – Өскеменде ит бауыздаушылар пайда болды

6.08.2019, 06:17 97

Өскеменде 112 қызметіне ерекше қоңырау түсті. Қоңырау шалғандар шала бауыздалған ит табылғанын айтқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай оқиға биыл екінші рет қайталанып отыр. Қаңтар айында да әлдекімдердің овчарка тұқымды итті тамақтап жібергені анықталып еді. Алайда олардың мақсаты қандай болғаны белгісіз.

Екінші жағдай, міне, енді ғана болды. Қаланың қақ ортасында Карбышев көшесінің бойында қансырап жатыпты. Куә адам дереу 112-ге хабарлаған, ал төтенше жағдай қызметкерлері оны жануарлар қорғаушысы Лариса Прокопьеваға бағыттаған.

– Иттің жарасы енді 5 милиметрдей терең болса, құтқара алмас едік. Қуанышқа орай, ота сәтті жасалды, – дейді «Дворянин» жан-жануарлар құқығын қорғаушы қоғамдық қорының жетекшісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив