Қазақстандағы теріс рөлді көліктер ескіріп барады
Қазақстанда қанша теріс рөлді көлік бары белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алғашқы жартыжылдықта рөлі оң қапталда орналасқан 24 778 мәшине тіркелген екен. Оның 97 пайызы ескіріп кетіпті – 20 жыл бұрын жасалған.
Ең көбі – Nissan Cefiro, Mitsubishi Pajero және Delica.
Ал теріс рөлді көліктер ең көп тіркелген үш аймақ Алматы қаласы (44 334), Алматы облысы (42 839) және Шығыс Қазақстан облысы (22 030) екені белгілі болды.
Оқи отырыңыз