Шығысқазақстандық таэквондошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Шығысқазақстандық таэквондошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілішсі.
Бұл күндері Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы құрлықтық додаға ел құрамасы сапында өскемендік Бекарыс Бекенов та аттанған болатын. Жерлесіміз байрақты бәсекеде 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Биылғы чемпионатқа Азияның 28 елінен келген кіл мықтылар қатысып жатқанын ескерсек, Бекарыс үшін бұл тамаша жетістік болғаны сөзсіз.
Айта кетейік, бұл шығысқазақстандық таэквондошының биыл қол жеткізген алғашқы жүлдесі емес. Бекарыс осыдан біраз бұрын өткен «Kazakhstan open» ашық республикалық турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын. Ол, сонымен қатар «Almaty open-Барыс кубогы-2017» жарысының күміс медалін қанжылаған. Осы ретте жерлесіміз білікті бапкер Қайдар Қабышевтің қол астында жаттығатынын айтқан абзал.