KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Барыс Азия кубогының жүлдегері атанды

19.07.2019, 10:39 148

Семейлік дзюдошы Ақтау қаласында өтіп жатқан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогы үшін жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Барыс Қуан дода аясында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Жерлесіміз тек жартылай финалдық белдесуде ғана қарсыласына жол берді. Дегенмен одан кейінгі жұбаныш белдесуде испаниялық Пабло Санчесты, ал кіші финалда ресейлік Самуэль Бабинианды тізе бүктірген шығысқазақстандық татами шебері осылайша байрақты бәсекенің қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, бұл жарысқа тағы бір жерлесіміз қатысқан-ды. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төлеген Нұрғалиев бесінші орынды қанағат тұтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив