Головкиннің келесі қарсыласы кім?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке қайта шығуға ниетті. Алайда Канело оның шақыруын қабыл алмай жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Анықталғандай, екі боксшының биылғы жылы қыркүйек айында өтуі мүмкін деген рингтегі кездесуін күтпеген жөн болар. Дегенмен, екеуі де жекпе-жегсіз қалмайтын көрінеді.
DAZN Канелоның екі бірдей қарсыласын мақұлдап отыр: Головкин және Ковалев. Егер бұл жоспар іске асатын болса, Канело - Ковалевке, ал GGG – Мунгияға қарсы жұдырықтасуы мүмкін. Бұл жекпе-жек 19 қазанда өтеді деп болжануда.
Сондай-ақ, Альвареспен жекпе-жек өтпеген жағдайда Геннадий Головкин польшалық Еуропа чемпионы Камиль Шереметке қарсы жұдырықтасады деген де болжамдар айтылуда.