Қатты аязға байланысты бірқатар ауданда оқу қашықтықтан жүргізіледі – ШҚО
15 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданындағы мектептерде оқу форматы уақытша өзгертілді. Қауіпсіздік мақсатында кейбір сыныптар қашықтықтан оқиды, деп хабарлайды Altainews.kz
Алтай ауданында ауа температурасының –28-ден –44 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Серебрянск қаласының «Васильевка бастауыш мектебі», «Октябрьск орта мектебі», «Северное негізгі мектебі» екі ауысымдағы 0–4 сыныптары қашықтықтан оқиды. Сондай-ақ, Алтай қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінің 0–11 сыныптары онлайн форматқа ауысады.
Күршім ауданында ауа температурасы –34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірқатар мектепте 1 және 2 ауысымдағы сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Атап айтқанда, 0–11 сыныптар:
«Маралды орта мектебі»,
«Теректібұлақ орта мектебі»,
«Алғабас орта мектебі»,
«Бурабай орта мектебі»,
«Қаратоғай орта мектебі».
0–4 сыныптар:
«Күршім №1 орта мектебі»,
«Күршім №4 орта мектебі»,
«Күршім №5 орта мектебі»,
«Күршім №3 гимназиясы».
0–9 сыныптар:
«Сарыөлең орта мектебі»,
«Құйған орта мектебі»,
«Барақ батыр атындағы негізгі орта мектебі»,
«Бірлік негізгі орта мектебі»,
«Ақсуат негізгі орта мектебі»,
«Жолнұсқау негізгі орта мектебі»,
«Мөнекей негізгі орта мектебі»,
«Қайыңды негізгі орта мектебі»,
«Қойтас негізгі орта мектебі»,
«Қыстау Күршім негізгі орта мектебі»,
«Үшбұлақ негізгі орта мектебі».
Риддер қаласында 0–11 сынып, Өскеменде 0–4 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады.