Шығысқазақстандық полицейлер самбодан 2 алтын алды
10-13 наурыз аралығында Семей қаласында самбо және жауынгерлік самбо спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпитонаты өтті, оған 17 облыстан 500 спортшы қатысты.
Бұл жарыста ШҚО құрама командасының құрамында ШҚО Полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының қызметкерлері полиция капитаны Смаилов Асылбек Байронұлы 79 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында өз салмағында чемпион атанды.
Полиция майоры Айбек Мұратұлы Сәметаев 88 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды.
Айбек пен Асылбек бала кезінен спортпен шұғылданады. Олардың жарысқа қосқан үлесінің арқасында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жоғары көрсеткіштерге (үш алтын, төрт қола) қол жеткізіп, бірінші орынға шықты. Нәтижесінде, спортшылар ҚР құрамасының құрамына кіріп, алдағы Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.