KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО спортшысы Дохада алғашқы жүлдеге қол жеткізді

22.04.2019, 10:48 99

Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін аса сәтті басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан риддерлік желаяқ Элина Михина 400 метрге жүгіру сайысында екінші нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Айта кетейік, жерлесіміз аталмыш қашықтықтың басым бөлігінде төртінші орында келе жатқан. Алайда, жарыстың соңына дейін шамамен 100 метр қалғанда қарқынын үдете түскен Михина екі бірдей қарсыласын басып озып, нәтижесінде мәреге екінші болып келді. 400 метрді 53,19 секундта жүгіріп өткен шығысқазақстандық спортшы тек брунейлік Сальва Насерге (нәтижесі 51,34 секунд) ғана жол берді.

Бұл күні тағы бір отандасымыз, шығысқазақстандық «Altay Athletics» клубының мүшесі Михаил Литвин де сәтті өнер көрсетті. 400 метрге жүгіруден өткен жартылай финалдық сында Михаил 45,38 (Қазақстан рекорды) секундқа тең нәтиже көрсетіп, финалға үшінші орынмен шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив