Өскемендік паралимпиадашы халықаралық турнирден жүлделі оралды

Өскемендік паралимпиадашы Ардақ Нұрмағамбетов Мысырдағы халықаралық турнирден қола медалімен оралды.
Спортшыны қала әкімі Жақсылық Омар құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ардақ Нұрмағамбетов-шын мәнінде үлгі алуға лайық адам. Мүмкіндігі шектеулі болса да, ол көптеген адамдардың қолынан келмейтін биіктерге көтерілген. Ардақ спортты және Өскеменді жақсы көретін бірден бір тұлға. Ардаққа ұзақ өмір, амандық және жаңа белестерге жету жолында көптеген жеңістер тілеймін! – деді шаhар басшысы.
Ардақ Нұрмағамбетов - үстел теннисінен спорт шебері, ол екі рет Қазақстанның Паралимпиада ойындарының тұғырына көтеріліп, Республикалық деңгейдегі басқа да жүлделерді жеңіп алған.
Оқи отырыңыз