AMANAT жастарды спортқа тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр
16 қараша күні «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес мүшелері мен шара қатысушылары жастардың бос уақытын ұйымдастыру және спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуге баса назар аударды. Сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуде әскери-патриоттық бағытты дамыту мәселесін қарады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өңірде балалар мен жастарды дене шынықтыру мен спортқа тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, облыста өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлінеді.
Мәселн, «QAISAR» жобасы аясында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери-патриоттық клубтардың курсанттары арасында әскери-спорттық, әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысу, жауынгерлік техниканы, қызметтік ит өсіру питомнигін көрсету мақсатында әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырылады.
Кеңес мүшелері тарапынан көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.