Өскеменде спорттық ойындар сайысы өтті
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Өскемен қаласында «Есірткіге жол жоқ!» атты спорттық ойындар сайысы өтті.
Спорттық жарыс «BIR TOLQYNDA» жобасының аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шараны ұйымдастыруға «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ және ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ұйытқы болды.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа есірткінің зияны туралы толыққанды ақпарат беру, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы жөнінде жан-жақты білім алуға қажетті жағдай туғызу.
Спорттық орта қалыптастырып, жастардың ынтасын арттыруға бағытталған шарада қатысушылар қол күресі, гір көтеру, арқан тарту сынды спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Белсенділік танытып, жүзден жүйрік шыққандар жүлделі орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.