KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Жас теннисшілер "Жылдың үздік ойыншысы" сыйлығына ие болды

Фото: atennis.kz

26.12.2023, 22:25 535 Ынтымақ Толқын

Қазақстандық Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков үздік шетелдік ойыншы атанды.


Олар Tennis Europe сериясы бойынша осындай атаққа лайық деп танылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.


16 жасар Даниэль мен 14 жасар Ева Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) "Жылдың үздік ойыншысы" (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығын алды. Даниэль Тазабековтың рекордтық көрсеткіші – 15 жеңіс, 7 ұтылыс (68 пайыз). Биыл ол жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) озық шықты.


Ева Корышева 24 ұтыс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ жұптық сында екі мәрте чемпион атанды. Ол Tennis Europe рейтингінде жекелей сында жылды 18-орынмен қорытындылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив