KZ
Өскемен
-14°
плотный туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Роналду Месси мен Салахты озып, жылдың үздік ойыншысы атанды

30.12.2019, 03:37 197

Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) ұйымдастырған Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті, Яғни жыл үздіктері анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2019 жылдың үздік ойыншысы «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Португалдық сұрмерген Лионель Мессиді («Барселона»), Вирджил ван Дейк және Мохамед Салахтан (екеуі де – «Ливерпуль») басым түсті. Роналду Globe Soccer Awards жүлдесін осымен төртінші рет алып отыр. Ал жалпы футболдағы мансабында алтыншы рет жылдың үздік ойыншысы атануы. 

Сондай-ақ үздік бапкер марапатын Юрген Клопп («Ливерпуль») иеленді. Оның басты қарсыластары – Эрик тен Хаг («Аякс») пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) болған еді. 

Мерсисайдтықтар сапынан бразилиялық Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы атанды. 

2019 жылы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, УЕФА Суперкубогын иеленген, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған «Ливерпуль» жылдың үздік клубы атағына лайық болды. 

Мадридтік «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш «Жыл жаңалығы» болды. Хавбек Анссумане Фати («Барселона»), шабуылшы Эрлинг Холанд мен вингер Джейдон Санчо да (екеуі де – «Боруссия») дәл осы аталымға үміткерлер қатарынан еді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу