KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Шорт-трекшілеріміз сегіз медаль жеңіп алды - ШҚО

Фото: Өскемен қалалық әкімдігі
Фото: Өскемен қалалық әкімдігі
19.01.2024, 15:30 251 Нұржан Кенжеұлы

Қытайдың  Алтай қаласында өтіп жатқан «Үлкен Алтай» атты аймақтық бірінші қысқы ойындарда шығысқазақстандық спортшылар тамаша өнер көрсетіп жатыр.

 

Тұңғыш рет ұйымдастырылып, Үлкен Алтай елдері саңлақтарының басын қосқан дүбірлі дода бір жұмаға созылады. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Моңғолия мен Қытайдағы көршілес аймақтардың құрама командалары қатысуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Біздің елдің атынан байрақты бәсекеге Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының спортшылары аттанған болатын. Және олардың біразының қажығасы майланып үлгеріпті. Әсіресе, шорт-трекшілеріміздің жетістігін атап өткен орынды.

 

Соңғы ақпарат бойынша, Қытай еліндегі жарыста қысқы спорт түрлері бойынша облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің төрт бірдей өкілі жүлдеге ілікті. Мәселен, Наиль Смағұлов ерлер арасындағы 1 500 метрге жүгіру сайысында алтын медаль жеңіп алса, дәл осындай жетістікке қыздар сынына (1 500 метр) қатысқан Валерия Игонина да қол жеткізді. Бір атап өтерлігі, бұл бәсекелерде тағы екі жерлесіміз үздіктер қатарынан көріне білді. Олар – күміс медальға ие болған Әли Болат (ерлер) мен Сабина Сапашева (қыздар).

 

Тағы бір атап өтер жайт, аталған төрт спортшымыз екі мың метрлік mix эстафетасында да мықтылығын дәлелдеді. Шығысқазақстандық төрттік қарсыластарының бәрін басып озып, алтын медальға иелік етті. Солайша, шорт-трекшілеріміздің өздері ғана қоржынға сегіз медаль салды. Оның алтауы алтын болса, екеуі – күміс.

Фото: Өскемен қалалық әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив