KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Алдағы қысқы Олимпиадаға ШҚО спортшылары да қатысады

5.01.2024, 22:19 110 Оразай Жеңісұлы

Тура екі аптадан кейін, яғни қаңтардың 19-ы күні Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жастар Олимпиадасы жалауын желбірететінін осыдан бұрын жазған болатынбыз.

Алдағы байрақты бәсекеде еліміздің намысын 42 спортшы қорғайтын болады,  деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Олар спорттың 10 түрінен сайысқа түседі. Әдеттегідей, бұл жолы да ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық спортшылар аз емес. Мәселен, Корей еліндегі додада сынға түсетін жерлестеріміздің арасынан биатлоншы Антон Редькинді, шаңғымен тұғырдан секіруші Алена Свириденконы, сондай-ақ, шаңғы жарысына қатысатын Виолетта Митропольская мен хоккейші Темірлан Айболұлын атап өтуге болады. Әлбетте, мұндай ірі жарысқа аттанғалы тұрған ел құрамасын шығысқазақстандық могулшыларсыз елестету мүмкін емес. Бұл жолғы ойындарда Қазақстанның намысын екі бірдей спортшымыз қорғайтын болады. Олар Юлия Феклистова мен Денис Раструба.

Жалпы, Оңтүстік Кореядағы жастар Олимпиадасында қазақстандық спортшылар биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, 3х3 форматындағы шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы мен фристайлдың могул түрі бойынша бақ сынайтын болады. Барлығы біздің спортшылар 30 жолдама жеңіп алған. 2020 жылы Лозаннада өткен ойындармен салыстырғанда айтарлықтай алға жылжу байқалады. Себебі, төрт жыл бұрын біздің құрама төрт спорт түрі бойынша 26 атлетті жарысқа қосқан болатын.

Естеріңізге салайық, IV қысқы жастар Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Пхёнчхан мен Каннын қалаларында өтеді деп жоспарлануда.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив