Өскеменде Б.Сапарбаевты еске алуға арналған волейболдан облыстық чемпионат басталды
Өскеменде 2007-2010 жылдары туған қыздар арасында волейболдан облыстық балалар лигасының қысқы чемпионаты басталды.
Чемпионатта облыстың түкпір-түкпірінен келген 23 команда бақ сынамақ, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
- Өңірде он күн бойы мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты еске алуға арналған бірқатар спорттық іс-шаралар өтеді. Бүгін 2007-2010 жылы туған спортшылар арасында волейболдан қыздар арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр. Облыстағы спорттың дамуына және бірқатар нысанның ел игілігіне берілуіне Бердібек Сапарбаев зор еңбек сіңірді. Қазіргі уақытта сол спорт орталықтарынан шыққан спортшылар әлемдік аренада ел намысын қорғап жүр, - деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Түсімбаев.
Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған спорттық іс-шаралар 9 ақпанға дейін жалғасады.
Жарыста қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан команда наурыз айында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алмақ.
Фото: Данияр Сағидолдин
Оқи отырыңыз
Өскеменде Б.Сапарбаевты еске алуға арналған үстел теннисінен облыстық чемпионат басталдыӨскеменде Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатырБердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтеді – ӨскеменАрдагерлер арасында волейболдан чемпионат басталды – ЖармаСтуденттер арасында волейболдан республикалық чемпионат басталды – Өскемен