Өскеменде Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
Облыс орталығында Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.
Өскеменде әуесқой командалар арасында шағын футболдан алғашқы ашық футбол турнирі ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ашық футбол турниріні еліміздің түкпір-түкпірінен әуесқой командалар келіп, бақ сынауда.
Қаладағы қолайсыз ауа райына қарамастан шараға жиналған келген жұрттың қарасы қалаң. Ашық турнирді тамашалауға келгендердің қатарында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Бердібек Сапарбаевтың жұбайы Қалдығайша Сапарбаева да бар.
Айта кету керек, шара 3 күнге жоспарланған, яғни 1 қазанға дейін жалғасады.