KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандық шорт-трекші Әлем Кубогының жүлдегері атанды

19.02.2024, 11:36 156

Нидерланды шорт-трек бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының кезеңі өтуде. Қазақстанның жас шорт-трекшілері осы жарыста сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, 3000 метрлік командалық эстафетада екінші орын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстанның шорт-трекшілері Нидерланды мен Канада сияқты әлемнің ең мықты құрама командаларынан озып шықты.

Мұз айдынында ел намысын қорғаған спортшылар - Анастасия Астраханцева, Алина Ажгалиева, Гүлдана Жалмұхан, Полина Омельчук және Зейнеп Құмарқан.

Зейнеп Құмарқан Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті. Ол облыс орталығындағы мұз модульдерінің бірінде жаттығады.

«Бұл жетістік мені көбірек жаттығуға және халықаралық жарыстардағы көрсеткіштерімді әлі де жақсартуға ынталандырады», – деп бөлісті Зейнеп Құмаркан.

Ресми хаттамаға сәйкес, бұл турнирдің чемпиондары Оңтүстік Корея спортшылары болды. Олардың уақыты 4:17.683 болды.

Бұдан әрі-Қазақстан (4:19.480) және Нидерланды (4:33.236).

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу