Қала күні. Өскеменде хоккейден ашық турнир өтеді

29-30 тамыз аралығында Қала күніне және «Торпедо» хоккей клубының 65 жылдығына орай, Борис Александров атындағы спорт сарайында ШҚО Түнгі Хоккей Лигасы командалары арасында хоккейден Өскемен қалалық мәслихатының кубогы үшін ашық турнир өтеді.
Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 30 тамыз күні өтеді. Мараматтау рәсімімен кейін 15.00-де «Торпедо» мен «Алтай Торпедо» командаларының презентациясы өтеді.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Спорт сарайына кіру тек ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асады.
Оқи отырыңыз