Ауа райы: ШҚО-да тағы күн суытады
«Қазгидромет» РМК 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамынжариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, жаңа жер аудандарындағы суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын сақтап қалады.
- Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 5-13 градусқа дейін, республиканың батысында күндіз термометр 17-30 градусқа дейін көтеріледі, - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз