KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да күн жылынып, қар жауады

18.02.2023, 11:11 527 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жақын күндері күн райы жылынып, жауын-шашын мөлшері артады.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалына байланысты өңірде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ауа температурасы күндіз 3-5 градусқа дейін көтеріледі. Айдың соңында қар жауып, борна соғуы мүмкін, - деді "Қазгидромет" ШҚ филиалының басшысы Ләззат Болатқан.

Келесі аптада облыс орталығында ауа райы айтарлықтай жылынады. Ауа температурасы күндіз +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, түнде -2... -7 градусқа дейін суытады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу