KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Сәуірдің соңғы күндерінде күн бұзылып, аяз түсуі мүмкін

Фото: шартты сурет

28.04.2023, 23:42 409

Кешегі жылы күн, бүгінгі 25 градус ыстықтан кейін аймаққа суық ауа толқыны келеді. Сәуір айының соңғы күндері Қазақстанның Шығысында жаңбырлы болып өтпек.

Солтүстік антициклонның басып кіруі ауа райына әсер етеді, бұл жағдай Қазақстанның көп бөлігінде температураның төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Өскеменде 29 сәуірде күн ашық болады, кей жерлерде 28 градусқа дейін көтеріледі. Ал 30 сәуірде жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы 10-12 градус жылы. Түнде аяз болжанады – минус белгісімен 3 градусқа дейін суытады.

 «30 сәуірде Шығыста жауын-шашын күтіліп, ауа температурасы күндіз 9 градусқа дейін ғана жылы болады, түнде суық, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз түсуі мүмкін», деп ескертеді "Қазгидромет" мамандары.


 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив