KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

ШҚО-да жауын-шашын болып, жел күшейеді

1.05.2023, 16:26 345 Ләззат Қанатқызы

Көктемнің соңғы айы шығысқазақстандықтар үшін салқын ауа райымен басталады.

Мамыр айының басында өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

  Ауа райына солтүстік антициклон әсер етіп, күн суытады. Ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді. Кей аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, дейді синоптиктер.

Облыс орталығында да ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендеп, жел күшейеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу