KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы

22.10.2019, 08:24 179

Синоптиктер 22-24 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жасады. Оларджың болжамы бойынша, ШҚО-да алдағы үшк үнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл күндері ауа температурасы бір төмендеп, бір көтеріліп отырады екен.

Өткен аптаныі орта кезінен бастап ШҚО-ға келген антициклон ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған еді. Ал алдағы үш күнде ауа райы өзгереді деп болжануда. Бірақ жауын-шашынсыз.

22 қазан күні түнгі уақытта 8-12 ºС, кей жерлерде 17 ºС градусқа дейін суытады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/ дейін күшейеді.

23 қазанда облыс аумағында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде +10 ºС градусқа дейін күн жылынады. Түнгі уақытта сынап бағаны 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін төмендейді.

24 қазанда күн +2 градусқа дейін жылынса, түнгі уақытта сынап бағаны қайта  -7 градусқа дейін төмендейді деп болжайды синоптиктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу