KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Бүгін қатты жаңбыр болады – ШҚО

14.05.2023, 08:20 712 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 14 мамыр күні түстен кейін облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, солтүстік-батыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Облыс орталығында да найзағай ойнап, жел күшейеді.

  Терезелерді мықтап жауып, электр құрылғыларын өшіріңіз. Егер көшеде болсаңыз, ғимарат маңына, аялдама жанына тығылмауға тырысыңыз. Автокөлікті ағаштардың, электр сымдарының астына қоймаңыз. Дауыл туралы ескертулерді "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив