KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Шығыста ертең қатты ыстық, абай болыңыздар!

Фото: aikyn.kz

3.06.2023, 15:39 541

4 маусымда Шығыс Қазақстанда 35С дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет"РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, елдің көп бөлігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз ҚР оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай араласқан жаңбыр жауады, БҚО-да бұршақ соғады.

– Ал Ақмола, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қатты ыстық күтіледі, – деп хабарлады "Қазгидромет".

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталуда. Абай болыңыздар!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу