KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Абай облысында жаңбыр жаууы мүмкін

Фото: stan.kz

14.06.2023, 13:19 652 Ләззат Қанатқызы

Абай облысында жақын арада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тіпті ауа температурасы түсуі мүмкін.

Десе де, синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын ұзаққа созылмайды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Ауа температурасы сәл төмендеп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазір 40 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр. Өртпен 1800 адам күресіп жатыр. Оларға күннің ыстығы мен жел, жол жоқтығы кедергі болып тұр.

  Таяу күндері ҚР басым бөлігінде – Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, дейді "Қазгидромет" РМК.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив