Осы апта жаңбырлы болады – ШҚО
Фото: qarmaqshy-tany.kz
Солтүстік циклонның әсерінен осы апта өңірде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазгидромет» РМК алдағы аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Циклон әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді, ауа температурасы төмендеуі күтіледі.
- Осы апта елдің шығысында жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 16-18 градусқа дейін төмендейді, - дейді синоптиктер.
Өскеменде найзағай ойнап, жауын жауады. Күндіз температура бағаны 18 градус болса, түнгі уақытта 7-9 градусқа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз