KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
499.04 544.45 5.96

Ертең көктайғақ пен тұман болуы мүмкін – ШҚО

Фото: stan.kz

27.10.2023, 16:09 723 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 28 қазан күні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

ШҚО ТЖД мамандары тұман және көктайғақ кездерінде сақ болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

  • Биік өкшелі аяқ киімнің орнына ыңғайлы, тайғақ емес аяқ киім киіңіз;
  • Өзіңізбен бірге ауыр жүк, сөмке алмауға тырысыңыз;
  • Шұғыл жұмыстарыңызға бару үшін ертерек шыққаныңыз абзал

- Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне де жол ережелерін, жылдамдық режимін сақтау керектігін еске саламыз. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде абайлаңыз, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.

Қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу