KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

1.11.2023, 12:39 596 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 2-4 қараша аралығында барикалық түзілістердің жылдам ауысуынан республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Жел екпіні де күшейюі мүмкін.

- Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді, - дейді синоптиктер.

Айта кету керек, қарашаның алғашқы күндері жауын-шашынды болғанымен, бірінші онкүндіктің ортасын еліміздің басым бөлігінде жауын тоқтайды.

Сондай-ақ бірінші онкүндігінің аяғы мен екінші онкүндігінің басында антициклонның әлсіреуімен күн райы жылынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив