KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, Ю
523.86 544.34 5.11

Өскеменде үшінші күн қатарынан ауа ластанады

Фото: egemen.kz

29.11.2023, 10:36 837 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ның екі қаласында бүгін үшінші күн қатарынан ауа ластанады.

Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 2-ші дәрежелі ескерту жарияланады, деп хабарлайды ALTAYNEWS.kz тілшісі.

28 қарашаның сағат 21.00-ден 29 қарашаның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу